Белектегі оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Қазақстан құрамасы (жаңартылған тізім)
265

Белектегі оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Қазақстан құрамасы (жаңартылған тізім)

Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Қазақстан құрамында өзгеріс орын алды.

Оқу-жаттығу жиыны 9-26 қазан аралығында Түркияның курортты аймағы Белек қаласында өтеді. Мұның алдында 26 атлет қатысатынын айтқанбыз. Ал жаңартылған тізімге 27 спортшы еніп отыр. Белекке тәжірибелі спортшы 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруші Анастасия Виноградова екі жас атлет Артур Гафнер мен Михаил Буда бара алмайтын болды.

Есесіне, спринтер Светлана Голендова, жетісайысшылар Надежда Кирнос пен Сарифа Рзакулиева және биіктікке секіруші Александра Кривицкая қатарға қосылды.

Сонымен толық тізім мынандай:

Ерлер

1.  Дмитрий Коблов (ОҚО, 1992) – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
2.  Георгий Шейко (БҚО, 1989) – 20 шақырымға спорттық жүріс
3.  Владислав Григорьев (Қарағанды, 1997)    - 100, 200 метрге жүгіру
4.  Никита Филиппов (Алматы, 1991) – сырықпен секіру

5.  Вячеслав Земс (Қарағанды, 1998)  – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
6.  Виталий Земс (Қарағанды, 1996) – 100, 200 метрге жүгіру
7.  Станислав Соловьев (Алматы, 2000)  – сырықпен секіру
8.  Роман Лошкарев (Алматы, 1996)  – биіктікке секіру

 Әйелдер

1.  Виктория Зябкина (Алматы, 1992)  - 100, 200 метрге жүгіру
2.  Юлия Рахманова (Алматы, 1991) – 100, 200 метрге жүгіру

3. Светлана Голендова (Жамбыл,1993) – 100 метрге жүгіру

4.  Мерджен Ишангулиева (Алматы, 1988) – 800 метрге жүгіру
5.  Мария Овчинникова (Алматы, 1998)  – ұзындыққа және үш қарғып секіру

6.  Диана Айдосова (Алматы, 1995) – 20 шақырымға спорттық жүріс
7.  Регина Рыкова (ОҚО, 1991) – 20 шақырымға спорттық жүріс
8.  Мария Телушкина (Алматы, 1994) – диск лақтыру 
9.  Полина Репина (БҚО,1990) – 20 шақырымға спорттық жүріс

10. Диана Нусіпбекова (Алматы, 1995)    – балға лақтыру
11. Надежда Дубовицкая (ШҚО, 1998) – биіктікке секіру 
12. Варвара Назарова (ШҚО, 1997) –  найза лақтыру
13. Лаура Ахметова (Алматы, 2000)  – ұзындыққа және үш қарғып секіру

14. Анастасия Ермакова (Алматы, 2000) – сырықпен секіру

15. Полина Иванова (Алматы, 2002) – сырықпен секіру
16. Яна Тойбаева (Алматы, 2001)  – сырықпен секіру.

17. Надежда Кирнос (Маңғыстау, 1994) – жетісайыс

18.  Сарифа Рзакулиева (Алматы, 2000) – жетісайыс

19. Александра Кривицкая (ШҚО, 1996) – биіктікке секіру   

Тізімге қайта оралу