Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Өскеменде қазақстандық жаттықтырушыларға арналған оқу курсы аяқталды

24.08.2017

Бек Төлеуов  
101
Өскеменде қазақстандық жаттықтырушыларға арналған оқу курсы аяқталды

Кеше Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында қазақстандық жеңіл атлетика бапкерлеріне арналған халықаралық оқу курсы аяқталды.

Шеберлік сабағын өткізуге орта қашықтыққа жүгіру бойынша (3000 метр) 1998 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің үш дүркін жеңімпазы Татьяна Самоленко, онсайыстан КСРО рекордсмені, Халықарарлық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) жоғары дәрежелі лекторы Александр Апайчев келді.

Алты күн ішінде Семей, Риддер, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларының жаттықтырушылары дәріс алды.  Курс аяқталған соң, емтихан тапсырды. Қатысушыларға сертификат берілді.

– Барлығы жоспарлағандай болды. Шақырған мамандарымыз қатысушыларға теориялық және практикалық сабақтарды өткізді. Теориялық сабақтарға 32 сағат бөлінді, ал практикаға 18 сағат кетті. Тәжірибелі украиналық мамандар қазақстандық бапкерлерге жаттығу барысында жіберетін кемшіліктерден арылуды үйретті. Спортшыларды функционалдық, жылдамдық және күш жағынан дайындаудағы әр түрлі әдіс тәсілдерді көрсетті. Татьяна Самоленко мен Александр Апайчев жаттығу барысындағы методикаларымен таныстырды. Оқу курсы өте көңілді, достық атмосферада өтті. Қазақстандық бапкерлер оқу курсында үйренген білімдерін өздерінің жұмыстарында тиімді пайдаланады деп сенеміз. Курстағы сабақтардың барлығы видеоға түсірілді. Оны кез келген еліміздің жаттықтырушысы алып, көруіне болады, –дейді IAAF-тың ресми лекторы, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликов.

Тізімге қайта оралу