Өскеменде IAAF-тың екінші деңгейлі курсы өтіп жатыр
139

Өскеменде IAAF-тың екінші деңгейлі курсы өтіп жатыр

Өскемен қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) жаттықтырушыларға арналған курсы өтіп жатыр.

Бұған дейін елімізде IAAF-тың екінші деңгейлі курсы өтпеген. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ғылыми-техникалық орталығының шақыруымен Германиядан Иван Ральф шақырылды.

Семинар-тренинг 8 күнге жоспарланған. Онда көпсайыспен айналысатын спортшыларды қалай дайындау керектігі айтылады. Сондай-ақ практикалық сабақтар мен жаттығу әдістерін талдауға да уақыт бөлінеді. Курсқа 24 қазақстандық жаттықтырушы қатысып жатыр. Айтпақшы, олардың арасында тәжірибелі стайер Андрей Лейменов бар. 5 мамырда олар емтихан тапсырып, IAAF-тың екінші деңгейлі сертификатына ие болады. Сегіз күндік курс – «Атлетті дамыту» және «Энергетикалық жүйе» деп екіге бөлінеді.

Тізімге қайта оралу