Өскеменде Қазақстан кубогы басталды
217

Өскеменде Қазақстан кубогы басталды

Бүгін Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика кешенінде Қазақстан кубогының бірінші кезеңі басталды.

Жабық кешендегі Қазақстан кубогының бірінші кезеңі екі күнге жоспарланған.

Жарыс регламентіне сәйкес, кубоктың бағдарламасына 13 жекелеген сайыс және ерлер мен әйелдер арасындағы екі командалық эстафета енгізілген. Атап айтсақ, спортшылар 60, 200, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, сырықпен секіру, үш қарғып секіру, ядро серпу және 4х200, 4х400 метрлік эстафета бойынша сайысқа түседі.

Қатысушылар арасында Виктория Зябкина, Анастасия Тулапина, Әйгерім Шыназбекова, Мерджен Ишангулиева, Элина Михина, Светлана Голендова, Марина Овчинникова, Ирина Эктова, Владислав Григорьев, Виталий Земс, Михаил Красилов, Никита Филиппов, Данил Полянский, Роман Валиев, Евгений Эктов, Иван Иванов секілді ұлттық құрама көшбасшыларымен қатар жастар арасындағы жарыстарда көзге түсіп жүрген Аделина Ахметова, Сарифа Рзакулиева, Лаура Ахметова секілді талантты спортшылар да бар. 

Тізімге қайта оралу