Сергей Григорьев: Енді Алматыда емдеу курсынан өтемін Фото авторы - Данияр Майлыбаев
277

Сергей Григорьев: Енді Алматыда емдеу курсынан өтемін

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында атой салған жеңіл атлеттер елге оралды. Олардың арасында сырықпен секіруші Сергей Григорьев те бар.

Григорьев жарыстың алғашқы күнінде 5,40 метрге секіріп, осы турнирдің рекордын жаңартты. Кейіннен 5,50 метрге секіремін деп, спортшы арқасымен құлап, ауруханаға жеткізілген болатын. Алматылық атлеттің айтуынша, қазіргі кезде жағдайы жақсы көрінеді.

– Жалпы алғанда бәрі жақсы. Дегенмен арқамнан алған жарақатым әлі де болсын мазалайды. Мұның бәрі уақыт өте келе жазылады. Алдағы күндері Алматыдағы «Спорттық медицина және оңалту орталығында» тексерістен өтемін. Емдеу курсы бір айға жалғасады деп ойлаймын, ­– дейді Сергей Григорьев.

 Спортшы техникалық қателіктің салдарынан дұрыс секіре алмай құлағанын айтады.

– Жеке техникалық қателік жібердім. Соның салдарынан құлап, арқамды ауыртып алдым. Біздің жаттықтырушылар мен ұйымдастырушылар бірден көмекке келді. Жергілікті ауруханаға апарды. Толықтай МРТ-дан (Магниттік-резонанстық томография) өткізді. Бір күн ауруханадан жатып, дәрігерлер сосын шығуға рұқсатын берді, ­– ­ жабық кешендегі Азия ойындарының чемпионы.

Тізімге қайта оралу