Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Ашхабадтағы Азия ойындарына Африканың босқын атлеттері де қатысатын болды

12.09.2017

94
Ашхабадтағы Азия ойындарына Африканың босқын атлеттері де қатысатын болды

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтетін жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлетикадан Африканың 5 босқын атлеті де қатысады.

Олар Азия Олимпиадалық кеңесі атынан өнер көрсетеді. Босқындарды танымал кениялық марафоншы Тегла Лорупе бастап келеді. Сондай-ақ бір жаттықтырушы мен екі өкілі бар.

Босқын-спортшылар құрамы мынандай: Пауло Амотун Локоро (1500 м), Виюал Пуок Денг (400 м), Гай Янг Тап (800 м), Укук Утху Бул (3000 м), Йек Пур Биель (800 м).

Босқындарды Ашхабадтағы Азия ойындарына Тегла Лорупенің қоры іріктеп алды.  Барлығы да Судан мемлекетінің оңтүстігінен. Екеуі 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысқан (Локоро мен Биель). Ал қалғаны халқыралық жарыста алғаш рет өнер көрсеткелі отыр.

Тізімге қайта оралу