Ашхабадтағы Азия ойындарында еліміздің үздік жеңіл атлеттері өнер көрсетеді
277

Ашхабадтағы Азия ойындарында еліміздің үздік жеңіл атлеттері өнер көрсетеді

Еліміздің үздік атлеттері қазіргі кезде жабық кешендегі Азия ойындарында дайындық жүргізіп жатыр.

Спорттық кешендегі Азия ойындарын биыл Түркіменстан астанасы Ашхабад өткізеді. Жеңіл атлеттер жарыс жолына 18, 19, 20 қыркүйек күндері шығады. Қазақстан құрамасы 26 сайыстың 14 түрінен өнер көрсетеді. Біздің елден көрші елдегі додаға 15 атлет барады.

Ерлер 60, 400, 800 метрге жүгіру, биітіктікке секіру, сырықпен секіру, ядро серпу, 4х400 метрге эстафеталық жүгіруден қатысады. Жалпы саны – 7 спортшы.

Әйелдер құрамасын Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова бастап барады. Жалпы – 8 спортшы. Рыпакова Ашхабадта екі сайыстан қатысады. Үш қарғып секіруден бөлек, ұзындыққа секіруден де өнер көрсетеді. Сондай-ақ құрлықтық чемпионатта жүлде салып жүрген Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова (60 метрге және 4х400 метрге эстафеталық жүгіру) бар.

Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы

Ерлер:

1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
2. Михаил Литвин (СҚО) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
3.Игорь Кондратьев (Павлодар облысы) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

4. Сергей Зайков (Павлодар облысы) – 800 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

5. Роман Лошкарев (Алматы) – биіктікке секіру
6. Сергей Григорьев (Алматы) – сырықпен секіру

7. Иван Иванов (Алматы) – ядро серпу

Әйелдер:

1. Ольга Рыпакова (ШҚО) – ұзындыққа және үш қарғып секіру
2. Мария Овчинникова (Қарағанды) – үш қарғып секіру
3. Ирина Эктова (СҚО) – ұзындыққа секіру
4. Виктория Зябкина (Алматы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
5. Ольга Сафронова (Павлодар облысы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

6. Мерджен Ишангулиева (Алматы) – 800 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

7. Элина Михина (ШҚО) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

8. Анастасия Виноградова (Алматы) - 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Тізімге қайта оралу