XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Ашхабадтағы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті

18.09.2017

Бек Төлеуов  
172
Ашхабадтағы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті

Кеше Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық кешенде өтетін V Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі болды. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Ашхабадтағы Азия ойындарына сары құрлықтың және Мұхит аймағының елдері қатысып жатыр. Жалпы саны – 64 мемлекет. Жарыс бағдарламасына спорттың 21 түрі енгізілген. Сайыстар жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, баскетбол, футзал, теннис, тректегі веложарыс, 50 метрлік бассейінде жүзу, конкур, спорттық би, боулинг, бильярд, шахмат, тай боксы, тхэквондо (WTF), кикбоксинг, самбо, джиу-джитсу, күрес, белдесу, грек-рим күресі, еркін күрес, түрікмен ұлттық күресі бойынша өтеді.


Жеңіл алтетикадан Қазақстаннан 14 атлет аттанған болатын. Олардың арасында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. Спортшы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде жанкүйерлерді жеңіспен қуантуға тырысатынын айтқан болатын.

Ерлер:
1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру


2. Михаил Литвин (СҚО) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
3.Игорь Кондратьев (Павлодар облысы) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

4. Сергей Зайков (Павлодар облысы) – 800 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

5. Роман Лошкарев (Алматы) – биіктікке секіру
6. Сергей Григорьев (Алматы) – сырықпен секіру

7. Иван Иванов (Алматы) – ядро серпу

Әйелдер:

1. Ольга Рыпакова (ШҚО) – ұзындыққа және үш қарғып секіру

2. Мария Овчинникова (Қарағанды) – үш қарғып секіру
3. Ирина Эктова (СҚО) – ұзындыққа секіру
4. Виктория Зябкина (Алматы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
5. Ольга Сафронова (Павлодар облысы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру.
6. Элина Михина (ШҚО) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

7. Анастасия Виноградова (Алматы) - 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Айта кетейік, Ашхабадтағы V жабық кешендегі Азия ойындарына жеңіл атлетиканың 13 түрі енгізілген. Спортшылар 26 медаль жиынтығын сарапқа салады. Сайыстар үш күнге созылады (18-20 қыркүйек).



Тізімге қайта оралу