Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Шейко – біздің елден әлем чемпионатына қатысқан жалғыз жігіт

13.08.2017

Нұрғазы САСАЕВ  
263
Шейко – біздің елден әлем чемпионатына қатысқан жалғыз жігіт Спорттық жүру жарысынан ерлер арасындағы 20 шақырымдық бәйге. Георгий Шейко. Фото: zimbio.com

Қазақстан спортшылары үшін Лондондағы әлем чемпионаты аяқталды. Соңғы болып, жарыс жолына Георгий Шейко шықты.

Георгий Шейко – осы әлем чемпионатына біздің елден қатысқан жалғыз жігіт. Ол спорттық жүру жарысынан 20 шақырымдық бәйгеде бақ сынады. Лондонға келгелі дайындалып, жаттығу жұмыстарына ерекше мән берді.

Жалпы, спорттық жүру жарысынан ерлер арасындағы 20 шақырымдық бәйгеге 64 спортшы қатысқан болатын. Қыздар арасындағыдай, көмбеге жете алмаған, сондай-ақ ереже бұзып, жарыстан аластатылған спортшылар болды (барлығы – алтау).

Георгий Шейко көмбеге жеткен 58 спортшының ішінде 36-шы орынға ие болды. Уақыты – 1 сағат 23 минут 11 секунд. Ал бірінші орынға Колумбия саңлағы Эйдер Аревало ие болды (1 сағат 18 минут 53 секунд). Осы ретте айта кетейік, ол өз елінің рекордын жаңартты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әйелдер арасындағы 20 шақырымдық бәйге өтіп, Диана Айдосова 47-ші, Полина Репина 50-ші, ал Регина Рыкова 52-ші орындарға ие болған болатын. Сөйтіп, Қазақстан жеңілатлеттері үшін ХVІ әлем чемпионаты аяқталды. Спортшыларымыз ертең елге қайтады.

Тізімге қайта оралу