ШЫҰ марафоны: 10 шақырымның жеңімпаздары белгілі болды

ШЫҰ марафоны: 10 шақырымның жеңімпаздары белгілі болды

Астанада өтіп жатқан ШЫҰ марафонының 10 шақырымдық жарысына қатысқан спортшылардың жеңімпаздары белгілі болды.

Әйелдер арасында үшінші орынды көкшетаулық Надежда Бекмағамбетов иеленді. Екінші орынға шымкенттік Балнұр Асылбек көтерілсе, бас жүлдені қостанайлық Татьяна Нерозняк жеңіп алды.

Ал ерлер арасында алматылық Құдайберген Зейноллаевке тең келер ешкім болмады. Ол аталмыш қашықтықты жарты сағаттан сәл астам уақытта жүгіріп өтті. Екінші орын Дарын Қонысбаевқа бұйырса, шымкенттік Артем Чижевский қолаға қол жеткізді.

–  Керемет шараның куәсі болып отырмыз. Үлкен мереке. Жарысқа қатысушылар ғана емес, жай ғана көрермендер де көңілді. Мұндай шоуды ұйымдастыру оңай емес екенін білемін. Сондықтан, Ұйымдастыру комитетінің жұмыстарын беске бағалауға болады, - деді спортшыларды марапаттап болғаннан кейін kazathletic.kz тілшісіне 1980 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.

10 шақырымға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың да қатысқанын айта кетуіміз керек. Олар екінші пелетонмен қатар жетіп, мәре сызығын бірге қиды. Сондай-ақ, бұл қашықтыққа атақты спортшылар Бақтияр Артаев, Галиб Жафаров, Серік Сәпиевтер жүгірді. 

ШЫҰ МАРАФОНЫ

10 шақырым (ерлер)

1-орын: Құдайберген Зейноллаев (Алматы) – 33,09 минут

2-орын: Дарын Қонысбаев (Алматы обл.) – 33,52

3-орын: Артем Чижевский (Шымкент) – 34,23

10 шақырым (әйелдер)

1-орын: Татьяна Нерозняк (Қостанай) – 41,07 минут

2-орын: Балнұр Асылбек (Шымкент) – 41,03

3-орын: Надежда Бекмағамбетова (Көкшетау) – 42,15

Тізімге қайта оралу