ШЫҰ марафоны: 42 шақырым басталып кетті
271

ШЫҰ марафоны: 42 шақырым басталып кетті

Астанада ЩЫҰ және АӨСШК марафоны басталып кетті. Жаңа ғана спортшылар 42 км 195 метрлік жарыс жолына шықты.

42 шақырымға соңғы адам бүгін таңертең тіркелді. Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, бұл қашықтықта 500-ден астам адам жарыс жолына шығыпты.

Оларды пейсмейкерлер бастап кетті. Ең соңғы пейсмейкер 6 сағаттық таблоны ұстап шықты. Яғни, сағат 7:30-да басталған марафонның соңғы адамы мәреге 13:30-да жетуі тиіс. Жолай атлеттерге еріктілер жол көрсетіп, әр бес шақырым сайын медициналық көліктер қызмет көрсетуге дайын тұрады.Сондай-ақ, сумен де қамтамасыз етіліп отырады.

Марафонға Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі, әрі Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық қауіпсіздік комитенінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Қазақстан Банктері даму басқармасының төрағасы Болат Жәмішев те жүгіріп кетті. Ал әйгілі спортшылардан Александр Винокуров пен Асан Базаев ба. Мамандардың болжауынша, бұл қашықтықта ерлер арасында кениялық Тайтус Тувей, қыздар арасында қазақстандық Гүлжанат Жанатбек жеңімпаз атанудан басты фаворит.

Естеріңізге сала кетейік, марафонның маршруты MEGA SILK WAY ойын сауда орталығынан басталып, ары қарай мына көшелермен жүреді: Қабанбай батыр даңғылы – Ұлы дала көшесі – Мәңгілік ел даңғылы – Шәмші Қалдаяқов көшесі – Жұмекен Нәжимеденов көшесі – Сарыкөл көшесі – Ахмет Байтұрсынов көшесі – Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Абылайхан даңғылы – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Сарайшық көшесі – Дінмұхамед Қонаев көшесі – Достық көшесі – Мәңгілік ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы - MEGA SILK WAY (мәре).

Марафонның бас жүлдесі 13 мың доллар. Дегенмен, ол үшін ерлер аталмыш қашықтықты 2 сағат 20 минуттың ішінде, әйелдер 2 сағат 40 минутта жүгіріп өтіп, бірінші орынды иемденуі тиіс. Егер мәрені бірінші болып қиғанымен әлгі уақыттан кешігер болса, онда жеңімпаз атанғаны үшін 7,5 мың АҚШ долларынан еншілейді.

Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Тізімге қайта оралу