ШЫҰ марафоны. 42 шақырымға 500-ге жуық адам жүгіреді
235

ШЫҰ марафоны. 42 шақырымға 500-ге жуық адам жүгіреді

27 тамызда елордамыз Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық марафонында көпшіліктің назарын бірінші ретте 42 шақырымдық жарыс аудартады.

Бүгін ШЫҰ марафонына тіркелу уақыты аяқталды. Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша 42 шақырым 195 метрді құрайтын марафонға барлығы 500-ге жуық адам тіркеліпті.

Марафон маршруты

MEGA SILK WAY (старт) – Қабанбай батыр даңғылы – Ұлы дала көшесі – Мәңгілік ел даңғылы – Шәмші Қалдаяқов көшесі – Жұмекен Нәжимеденов көшесі – Сарыкөл көшесі – Ахмет Байтұрсынов көшесі – Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Абылайхан даңғылы – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Сарайшық көшесі – Дінмұхамед Қонаев көшесі – Достық көшесі – Мәңгілік ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы - MEGA SILK WAY (мәре).

Марафон жүлделері

Ерлер: Егер 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 20 минутта жүгіріп өтіп, бірінші орынды иеленер болса, онда 13 мың АҚШ долларын жеңіп алады. Ал әлгі уақыттан кешіккенімен бірінші орын алған желаяқ 7,5 мың АҚШ долларына ие болады.

Әйелдер: Егер 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 40 минутта жүгіріп өтіп, бірінші орынды иеленер болса, онда 13 мың АҚШ долларын жеңіп алады. Ал әлгі уақыттан кешіккенімен бірінші орын алған желаяқ 7,5 мың АҚШ долларына ие болады.

Сондай-ақ, ерлерден алғашқы тоғыз, әйелдерден алғашқы тоғыз желаяққа қаржылай жүлделер бар.

Тіркеуден өткен қатысушыларға 25,26,27 тамыз күндері бастапқы пакеттер таратылады. Оны алу үшін халықаралық EXPO көрмесінің MEGA SILK WAY сауда орыны жағындағы автотұрағына келу қажет.

Еске сала кетсек, алдағы жексенбі күні Астанада халықаралық ШЫҰ марафоны өтеді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Тізімге қайта оралу