Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

1

Күн
Дунгань, Қытай

ШЫҰ марафоны. Жұлдыздар мен шенеуніктер қалай жүгірді

28.08.2017

193
ШЫҰ марафоны. Жұлдыздар мен шенеуніктер қалай жүгірді

Тамыздың 27-сі күні елордамызда өткен Астана ШЫҰ марафонына әуесқой атлеттер мен кәсіпқой спорт жұлдыздарынан бөлек, өнер, шоу-бизнес спорт жұлдыздары және шенеуніктер де қатысты.

«Экспо-2017» көрмесінің аясындағы еліміздегі ең ауқымды шараға 5600-ден астам адам қатысқан болатын. Рас, Людмила Прокашева, Дмитрий Карпов, Қанат Ислам, Арман Давлетьяров сынды жұлдыздардың көпшілігі 2017 метрден тұратын символикалық қашықтыққа ғана жүгірді. Дегенмен, өз мықтылықтарын сынап көргісі келіп, 10 шақырым мен 42 км, 19 метрге тіркелгендер де аз емес. Солардың нәтижелерін сіздерге кесте арқылы ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ марафонын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізді.

Жалпы, ШЫҰ марафонының 10 және 42 шақырымға тіркелген атлеттерінің көрсеткіштері туралы мына сілтемеден біле аласыздар.



Тізімге қайта оралу