ШЫҰ марафонында 150 ерікті қызмет етеді
208

ШЫҰ марафонында 150 ерікті қызмет етеді

27 тамыз күні елордамыз Астанада өтетін ШЫҰ халықаралық марафонында 150 ерікті жастар қызмет етеді.

Еріктілер марафонға қатысушыларға қызмет етуді бастап кетті. Сөреден бастап, трасса бойы және мәреде әр қатысушыға көмектерін көрсететін еріктілерді тану өте оңай. Олар ақ футболкада және арқаларында «Волонтер» деген жазу болады. Еріктілерді «Астана жастары» ұйымы ұсынып отыр.

Тіркеуден өткен қатысушыларға 25,26,27 тамыз күндері бастапқы пакеттер таратылады. Оны алу үшін халықаралық EXPO көрмесінің MEGA SILK WAY сауда орыны жағындағы автотұрағына келу қажет.

Еске сала кетсек, алдағы жексенбі күні Астанада халықаралық ШЫҰ марафоны өтеді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Тізімге қайта оралу