Шымкентте 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті

Шымкентте 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті

Шымкентте жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

Чемпионатқа 23 жасқа дейінгі спортшылар қатыса алғанымен, 19 жастағы Руслан Никитиннің өнері сүйсінтті. Ол екі бірдей қашықтықта топ жарды. Алдымен 400 метрде үздік шықса, одан кейін дәл осы жетістігін 200 метрде қайталады.

Биіктікке секіруден Роман Лошкаревтің шоқтығы биік болды. Ол Шымкентте 2.12 метрге секірді. Қыздар арасында үш қарғып секіруден Лаура Ахметова, найза лақтырудан Варвара Назарова жеңіске жетті.

Жалпы, 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының толық нәтижесімен төменде таныса аласыздар.

Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты. Шымкент. Ерлер.

200 метрге жүгіру:

1. Руслан Никитин (Алматы) – 22.39 сек;

2. Виктор Рябов (Павлодар облысы) – 22.41;

3. Артем Сомов (Астана) – 22.95.

800 метрге жүгіру:

1. Сергей Сухов (Қарағанды облысы) – 1:55.50 сек;

2. Әнуар Ерғазы (Алматы) – 1:55.87;

3 Николай Петров (Алматы облысы) – 1:57.29.

110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру:

1. Владислав Кондратьев (ОҚО) – 15.54 сек;

2. Артем Стасенко (Астана) – 16.03;

3. Рамиз Картаев (ШҚО) – 16.43.

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру:

1. Ильхам Казакбаев (ОҚО) – 55.52 сек;

2. Андрей Остапенко (Қостанай облысы) – 57.71;

3. Роман Дударь (Қарағанды облысы) – 1:57.29.

4 х400 метрлік эстафета:

1. ОҚО – 3:26.79;

2. Алматы облысы – 3:28.47;

3. Қостанай облысы – 3:32.79.

5000 метрге жүгіру:

1.Саид Сулайманов (ОҚО) – 15:09.62 сек;

2.Владимир Поварницын (Қостанай облысы) – 15:24.70;

3. Ильхам Еркабаев (Алматы) – 15:29.42.

Биіктікке секіру:

1.Роман Лошкарев (Алматы) – 2.12 метр;

2. Роман Вознюк (Қарағанды облысы) – 2.04;

3. Александр Тимошин (Қарағанды облысы) – 2.00.

Ұзындыққа секіру:

1. Василий Копейко (Қарағанды облысы) – 7.17 метр;

2. Лев Ши-мо-сын (ОҚО) – 6.82;

3. Илья Салимьянов (Ақмола облысы) – 6.68.

Үш қарғып секіру:

1. Сергей Платонов (ОҚО) – 13.78

Онсайыс:

1. Кирилл Прядкин (Қарағанды облысы) – 6042 ұпай.

Әйелдер

Үш қарғып секіру:

1.Лаура Ахметова (Алматы) – 12,48 м;

2.Марина Хусейнова (Алматы) – 12,19 м;

3.Әйгерім Рахметова (ОҚО) – 11,29 м.

Найза лақтыру:

1. Варвара Назарова (ШҚО) – 48,56 м;

2. Сарифа Рзакулиева (Алматы) – 33,22 м;

3. Анастасия Недева (Қарағанды облысы) – 30,12 м.

Диск лақтыру:

1. Сабина Потапова (Қарағанды облысы) – 37,83 м;

2.  Дидар Алмас (Астана) – 30,53 м.

Жетісайыс:

1. Виктория Рязанцева (Алматы) – 4 268 ұпай

Биіктікке секіру:

1. Александра Кривицкая (Алматы) – 1,70 м.

Ұзындыққа секіру:

 1.Анастасия Заводина (ВКО) – 5,74 м;

 2.Марина Хусейнова (Алматы) – 5,73 м;

 3.Дарина Исмаил (Алматы) – 5,67 м.

Ядро серпу:

1. Екатерина Нестерова (Қарағанды облысы) – 12,93 м;

2. Сабина Потапова (Қарағанды облысы.) – 12,61 м;

3. Эвелина Клименко (Алматы) – 12,35 м.

Балға лақтыру:

1. Наталья Богданова (СКО) – 48,75 м;

2. Эвелина Клименко (Алматы) – 38,57 м;

3. Екатерина Нестерова (Қарағанды облысы) – 33,61 м. 

Тізімге қайта оралу