Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Шымкентте жаттықтырушыларға арналған оқу курсы өтеді

03.10.2017

142
Шымкентте жаттықтырушыларға арналған оқу курсы өтеді

ҚР жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен 19-30 қазанда Шымкент қаласында жаттықтырушыларға арналған оқу курсы өтеді.

Біліктілікті арттыруға арналған мұндай курс осыған дейін Өскемен қаласында екі рет ұйымдастырылған еді. Алдымен сәуірде, сосын тамыз айында. Соңғысында орта қашықтыққа жүгіру бойынша (3000 метр) 1998 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің үш дүркін жеңімпазы Татьяна Самоленко, онсайыстан КСРО рекордсмені, Халықарарлық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) жоғары дәрежелі лекторы Александр Апайчев дәріс оқыған болатын.

Бұл жолы жаттықтырушылар шырайлы Шымқалада жиналады. IAAF-тың ресми лекторы, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша оқу курсы тегін өткізеледі.

– Ғылыми-техникалық орталық аймақтарға курс туралы ақпарат таратты. Біз әрбір топқа 25 адамнан жинаймыз деп отырмыз. Kids Athletics бағыты бойынша барлығы шығынды IAAF өз мойнына алып отыр. Қатысушылар тек жол шығынын ғана өздері төлейді. Оқу курсын Шымкенттегі ашық стадион мен манежде өткіземіз. Шеберлік сағатына Эстониядан IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников келеді. Курс әрбір топ үшін 12 күнге жалғасады, – дейді Александр Кругликов.

 Оқу курсының толық бағдарламасымен мына жерден таныса аласыздар.

Тізімге қайта оралу