ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
 Шымкентте қысқы Қазақстан чемпионатына 200-ге жуық спортшы қатысады
150

Шымкентте қысқы Қазақстан чемпионатына 200-ге жуық спортшы қатысады

30-31 наурыз күндері Шымкентте жеңіл атлетикадан қысқы Қазақстан чемпионаты өтеді.

Жарыстың бағдарламасына найза, диск, балға лақтыру сайыстары, ұзақ қашықтыққа жүгіру (3, 5, 15 шақырым және жартылай марафон – 21 шақырым), спорттық жүріс (5,10, 20 шақырым) енгізілген.

Чемпионатқа ересектерден бөлек, жастар мен жасөспірімдер де қатысады.

Қазіргі кезде 187 спортшы өтініш беріп үлгерген (110 ер, 74 әйел спортшы). Әзірге жарыс иесі Оңтүстік Қазақстан облысынан қанша спортшы қатысатыны анықталмаған. Сондықтан бұл сан 200-ге жақындайтыны анық.

Олардың арасында 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында қола жүлде еншілеген Татьяна Лесовая екі шәкірті Мария Телушкина (дискобол) мен Диана Нүсіпбекова (балға лақтыру) бар. Екеуі де жаңа маусымнан үлкен үміт күтіп отыр. Өйткені, аталған спортшылар Молдова астанасы Кишиневте танымал балға лақтырушы Сослан Маргиевтен тәлім алып келді. Телушкина сонымен қатар Санкт-Петербургке екі рет оқу-жаттығу жиынына барып келді. Онда ресейлік Алексей Андреевтің қарамағында жаттықты. Бұл екеуінен басқа еліміздегі танымал дискобол Александра Мамонтова, көпсайысшы Сарифа Рзакулиевалар Шымкентте өнер көрсетуге бел буып отыр.

Тізімге қайта оралу