Сафрованы туған күнімен құттықтаймыз
Бек Төлеуов  
188

Сафрованы туған күнімен құттықтаймыз

Бүгін қысқа қашықтыққа жүгіруден еліміздегі үздік атлеттердің бірі Ольга Сафронованың туған күні.

Қарағанды қаласының тумасы 26 жасқа толды. Спортшы маусым аяқталған соң, жақында Германияда тұратын ата-анасына барып келді. Енді ұлттық құрамамен бірге Түркияның Белек қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына аттанады. Ол жақта Иран астанасы Тегеранда өтетін жабық кешендегі Азия чемпионатына дайындалады. Құрлық біріншілігі 7-9 ақпан аралығында өтеді.

Айта кетейік, Сафронова соңғы 5-6 жыл көлемінде құрлықтық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. 2014 жылы 200 метрге жүгіруден Инчхонда өткен жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Өткен маусымда 100 метрге жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартты –11,09.

Ал биыл Үндістанның Бхуанбешвар қаласындағы өткен Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Түркіменстанның Ашхабада қаласындағы жабық кешендегі Азия ойындарында 60 метрге жүгіріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Спортшы ҚР жеңіл атлетика федерациясы атынан туған күнімен құттықтай отырып, деніне саулық тілейміз. 

Тізімге қайта оралу