Спорттық жүрістен әлем кубогы 2018

Есептегіш

8

Күн
Тайцанг, Қытай

Шымкенттегі жаттықтырушыларға арналған тегін оқу курсына 9 өңірдің бапкерлері қатысады

16.10.2017

Бек Төлеуов  
199
Шымкенттегі жаттықтырушыларға арналған тегін оқу курсына 9 өңірдің бапкерлері қатысады

Шымкентте өтетін жаттықтырушылардың курсының басталуына аз уақыт қалды. Қазіргі кезде қатысушылардың саны анықтала бастады.

Оқу-курсы 19-30 қазанға жоспарланған. Семинар мен тренинг екі бағыт бойынша өтеді. Біріншісі ­–Kids Athletics деп аталады. Бұл топта балаларды жеңіл атлетикаға баулумен айналысатын жаттықтырушылар біліктіліктерін артыртырады. Екінші топта ересектермен жұмыс істейтін мамандар болады. Олар да Шымкенттегі білімдерін теориялық және практикалық тұрғыдан жетілдіріп қайтады.  

Оқытушылар арасында қазақстандық мамандар, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, республикалық допингке қарсы орталықтың өкілдері, сондай-ақ Эстониядан келетін IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников болады.

Курсқа қатысуға еліміздің 8 облысы мен Алматы қаласынан 60 жаттықтырушы өтініш берген.

Айта кетейік, біліктілікті арттыруға арналған мұндай курс осыған дейін Өскемен қаласында екі рет ұйымдастырылған еді. Алдымен сәуірде, сосын тамыз айында. Соңғысында орта қашықтыққа жүгіру бойынша (3000 метр) 1998 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің үш дүркін жеңімпазы Татьяна Самоленко, онсайыстан КСРО рекордсмені, Халықарарлық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) жоғары дәрежелі лекторы Александр Апайчев дәріс оқыған болатын.

IAAF-тың ресми лекторы, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша оқу курсы тегін өткізеледі.

– Ғылыми-техникалық орталық аймақтарға курс туралы ақпарат тараттық. Біз әрбір топқа 25 адамнан жинаймыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ ниет білдіргендер саны одан асып түсті. Kids Athletics бағыты бойынша барлық шығынды IAAF өз мойнына алып отыр. Қатысушылар тек жол шығынын ғана өз қалталарынан төлейді. Оқу курсын Шымкенттегі ашық стадион мен манежде өткіземіз. Шеберлік сағатына Эстониядан IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников келеді. Курс әрбір топ үшін 12 күнге жалғасады, – дейді Александр Кругликов.

Шымкент  қаласы                                                  

19 – 30 қазан

 «Kids athletics» тобында оқитын жаттықтырушылар

  №        

Қатысушылар                                                        

Аймағы             

1

Галиулина З.

Тараз

2

Жұзенов М.

Тараз

3

Стрижак Э.

Актау

4

Семенов Д.

Ақтау

5

Жолдасов Б.

Ақтау

6

Весельский Б.

Өскемен

7

Лейменов А.

Риддер

8

Хижнякова О.

Семей

9

Қайсарова Р.

Семей

10

Столярская А.

Қарағанды

11

Хван Н.

Қарағанды

12

ДудьеваТ.

Қарағанды

13

Абулев Д.

Қарағанды

14

Дударь Татьяна

Сатпаев

15

Дзолба О.

Алматы

16

Савельев А.

Алматы

17

Косинов А.

Алматы

18

Ахметов Б.

Кызылорда

19

Саблин А.

Шымкент

20

Новикова О.

Шымкент

21

Кумарбеков К.

Шымкент

22

Сабыржанов Д.

Шымкент

23

Түлкібек А.

Шымкент

24

Пудовинников А.

Шымкент


Жеңіл атлетика мамандарына арналған топ

   №       

   Қатысушылар                                                         

Аймағы                 

1

Ахметова А.В.

Тараз

2

Ақатаев Н.С.

Тараз

3

Лептиков В.В.

Қызылорда

4

Лептикова Н.В.

Қызылорда

5

Қалдыбай Н.

Жаңаөзен

6

Исщанов А.

Маңғыстау

7

Олешко С.

Маңғыстау

8

Мартиросова В.

Маңғыстау

9

Рабаева А.

Маңғыстау

10

Григорян В.

Маңғыстау

11

Гимренов Ю.

Шымкент

12

Шаруаев С.

Шымкент

13

Лагутин А.

Шымкент

14

Шарафутдинов И.

Шымкент

15

Мосеев Д.

Шымкент

16

Редько К.

Шымкент

17

Инкина Н.

Шымкент

18

Саляхова Н.

Шымкент

19

Новикова Т.

Шымкент

20

Новиков А.

Шымкент

21

Султанов Н.

Шымкент

22

Додонов Г.

Шымкент

23

Асалбек Б.

Шымкент

24

Калачев П.

Шымкент

25

Романюк Г.

Шымкент

26

Агеева Т.

Қарағанды

27

Фризен В.

Қарағанды

28

ЯкинкинаТ.

Қарағанды

29

Кувалдина Г.

Қостанай

30

Романченко Е.А.

Көкшетау

31

Радзевич В. В.

Көкшетау

32

Крахмалев А.М.

Көкшетау

33

Хамзин Б.Т.

Көкшетау

34

Мелешенко Е.В.

Көкшетау

 


Тізімге қайта оралу