Шымкенттегі курсқа қатысушылар емтихан тапсырды

Шымкенттегі курсқа қатысушылар емтихан тапсырды

Отандық жеңіл атлетика жаттықтырушыларына арналған Шымкенттегі кезекті оқу-курсы аяқталды.

Он екі күн ішінде жергілікті жаттықтырушыларға ҚР Жеңіл атлетика федерациясы ұлттық ғылыми-техникалық орталығы біліктілікті арттыруға арналған осындай курс өткізді. Оған ҚР Спорт және денешынықтыру істері комитетіне қарасты оқу-әдістемелік және талдау орталығының мамандары көмектесті.

Еліміздің 8 облысынан келген 50 жаттықтырушы кәсіби қызметтеріне қатысты теориялық және практикалық сабақтарға қатысып, біліктіліктерін арттыра түсті. Сосын барлығы емтихан тапсырып, арнайы куәлікке ие болды.

 Осылардың ішінде 24-і IAAF Kids Athletics бағдарламасы бойынша оқып, халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының сертификатына қол жеткізді.

– Жалпы алғанда, барлығы сәтті өтті. Бұл курс қатысушыларға алдағы уақытта өз көмегін тигізеді деп ойлаймын. Шымкентке допингке қарсы орталықтың маманы келіп арнайы дәріс оқыды, заманауи спорттағы тыйым салынған препараттардың түрлерімен таныстырды.Сондай-ақ спортта психология да маңызды. Осы жағын да қамтыдық. Курсқа көптеген жас жаттықтырушылар қатысты. Эстониядан келген IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанниковқа алғыс білдіремін, – дейді ұлттық ғылыми-техникалық орталықтың директоры Александр Кругликов.

Тізімге қайта оралу