Шымкенттегі оқу курсының үшінші күні (Фоторепортаж)
278

Шымкенттегі оқу курсының үшінші күні (Фоторепортаж)

Шымкенттегі жеңіл атлетика жаттықтырушыларына арналған оқу курсының бүгін үшінші күні аяқталды.

Жалпы курсқа 60 адам келіп қатысып жатыр. Эстониядан келген  IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников теориялық лекциямен бірге практикалық сабақтарды да өткізіп жатыр.

Жаттықтырушыларға арналған оқу курсын ҚР жеңіл атлетика федерациясы Ұлттық олимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырып жүр. Осымен үшінші рет өткізілуде. Әрбір курс сайын тыңдаушылар саны көбейіп келеді. Шымкенттегі курс 30 қазанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, біліктілікті арттыруға арналған мұндай курс осыған дейін Өскемен қаласында екі рет ұйымдастырылған еді. Алдымен сәуірде, сосын тамыз айында. Соңғысында орта қашықтыққа жүгіру бойынша (3000 метр) 1998 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің үш дүркін жеңімпазы Татьяна Самоленко, онсайыстан КСРО рекордсмені, Халықарарлық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) жоғары дәрежелі лекторы Александр Апайчев дәріс оқыған болатын.

IAAF-тың ресми лекторы, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша оқу курсы тегін өткізіліп жатыр.

– Ғылыми-техникалық орталық аймақтарға курс туралы ақпарат таратты. Біз басында әрбір топқа 25 адамнан жинаймыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ ниет білдіргендер саны одан асып түсті. Kids Athletics бағыты бойынша барлық шығынды IAAF өз мойнына алып отыр. Қатысушылар тек жол шығынын ғана өз қалталарынан төледі. Оқу курсын Шымкенттегі ашық стадион мен манежде өткізіп жатырмыз. Шеберлік сағатына Эстониядан IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников келді. Курс әрбір топ үшін 12 күнге жалғасады, – дейді Александр Кругликов.

Тізімге қайта оралу