ШҚО жеңіл атлетика федерациясын Даниал Ахметов басқарады
231

ШҚО жеңіл атлетика федерациясын Даниал Ахметов басқарады

Бүгін Астанада өткен ҚР жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясында Даниал Ахметов атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.

Конференцияны ашқан федерация президенті Әділбек Жақсыбеков Даниал Ахметовтің жақында Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі болып тағайындалғанын айтты. Сондай-ақ жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімін ҚР жеңіл атлетика федерациясының атқару комитетінің мүшелігіне сайлау туралы ұсыныс табыстады. Конференцияға қатысушылар бірауыздан Даниал Кенжетайұлының кандидатурасын қабылдады.

– Даниал Кенжетайұлы Қазақстан спортының дамуына өзінің зор үлесін қосып келеді. жақында Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды. Елімізде алғаш болып, «Altay Athletics» атты кәсіби жеңіл атлетика клубын құрды. Ахметов мырзаның тәжірибесіне сенемін. Велоспортқа, футболдың дамуына өз үлесін қосқанын жақсы білесіздер, енді жеңіл атлетиканың қанат жаюына да қолынан келгенін аянып қалмайды деп ойлаймын, – деді Әділбек Жақсыбеков. 

Тізімге қайта оралу