ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Спортшылар Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындыққа кірісті
125

Спортшылар Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындыққа кірісті

Ертең 1 ақпан күні Иран астанасы Тегеран қаласында жабық кешендегі VII Азия чемпионаты өтеді. Бүгін спортшылар жарыс алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Иран ислам Республикасының заңына сәйкес, әйелдер мен ерлерге бірге жаттығуға болмайды. Сондықтан жергілікті уақыт бойынша түске дейін «Афтаб Энгелаб» спорт кешенінде қыздарға рұқсат етілген. Ал күннің екінші бөлігінде ерлер жаттығуға кіріседі.

Қазақстандық делегация сапында әйелдерден 13 спортшы, 3 жаттықтырушы және 1 массажист бар.

Атап айтар болсақ, Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру, эстафета), Рима Кашафутдинова (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру, эстафета), Светлана Голендова (400 метрге жүгіру, эстафета), Әйгерім Шыназбекова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Аделина Ахметова, Любовь Ушакова (екеуі де – эстафета), Татьяна Нерознак (1500 және 3000 метрге жүгіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Ирина Эктова (биіктікке және ұзындыққа секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Анастасия Ермакова (сырықпен секіру).

Айа кетейік, жабық кешендегі Азия чемпионаты үш күнге жалғасады. Қазақстан намысын жалпы саны 25 споршы қорғайды.

Тізімге қайта оралу