Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

9

Күн
Джакарта, Индонезия
«Sputnik Қазақстан» командасы Астанадағы халықаралық марафонға қатысады
244

«Sputnik Қазақстан» командасы Астанадағы халықаралық марафонға қатысады

Еліміздегі танымал ақпаратттық портал Sputnik Қазақстан қызметкерлері 27 тамызда Астанада өтетін халықаралық марафонға қатысады.

Sputnik Қазақстан ақпараттық порталы мен радиосының қызметкерлері екі қашықтық бойынша өз бақтарын сынамақшы. Олар 10 шақырым және 2017 метрге тіркелген. Жалпы команда құрамында жеті адам бар.

– Sputnik Қазақстан салауатты өмір салтын насихаттайтын мұндай ауқымды іс-шараларды қолдайды. Біз әр күн сайын осы командамен бірге жұмыс істейміз. Біздің мотивациямыз өте жоғары. Әрдайым алдымызға жоғары мақсаттар қоямыз, сондықтан бұл марафонда да жоғары нәтиже көрсетеміз, –дейді Sputnik Қазақстан ақпараттық порталының шеф-редакторы Динара Досмұхаметова.

Марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек, ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Sputnik Казахстан өз жұмысын 2016 жылдың қыркүйек айында бастаған. Агенттік құрамында қазақ және орыс тіліндегі ақпараттық портал, интернет-радио және жоғарытехнологиямен жасақталған мультимедиялық баспасөз орталығы бар. 

Тізімге қайта оралу