ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Үштөбелік атлет Лиссабонды таңдады
189

Үштөбелік атлет Лиссабонды таңдады

Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарының жеңімпазы Иван Иванов екінші ай қатарынан Португалия астанасы Лиссабон қаласында жатығып жатыр.

Қазіргі кезде Григорий Егоров бастаған ұлттық құрама мүшелері Түркияның Белек қаласында екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Олардың арасында 25 жастағы ядро серпуші Иван Иванов жоқ.

Өйткені Иван басқаша таңдау жасады. Отандасымыз Португалия астанасында кешегі Кеңестер одағынан шыққан жаттықтырушы Владимир Зинченконың тобында дайындық жүргізіп жатыр. Қазақстандық спортшы Лиссабонға бұған дейін де бірнеше барып дайындалған еді. Жыл басында Пиреней түбегінде 2 ай дайындалып, сәуірде оралды.

Зинченконың тобында ядроны 20 метрден асырып лақтыратын бірнеше спортшы бар екен. Мысалы, биылғы жылы тамыз айында Тайпэйдегі Универсиада ойындарының жеңімпазы Франтишку Белу дәл осы жерде дайындалып жүр. Ол Универсиада ойындарында ядроны 20, 86 метрге лақтырған болатын.

Жаңа жылға дейін жерлесіміз Зинченконың қарамағында үш жаттығу жиындарын өткізеді. Ивановты Алматы облысының спорт және денешынықтыру басқармасы қаржыландырады. Ал үшінші оқу-жаттығу жиынының шығынын ҚР жеңіл атлетика федерациясы өз мойнына алып отыр.

Иван келесі жылдың ақпан айында өтетін Тегерандағы Азия чемпионатына қатысады. Оның алдында Қазақстанда үш жарыс бар. Соған дейін Португалияда жаттығуын жалғастыра бермек. 

Айта кетейік, 2017 жыл Иванов үшін сәтті болды. Алдымен шілде айында Үндістандағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Қыркүйекте Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында топ жарды. Сонымен қатар Түркіменстанда осы ойындардың рекордын жаңартты – 19.60.

 

Тізімге қайта оралу