Сәуірдегі оқу-жаттығу жиынына қатысатын атлеттер

Сәуірдегі оқу-жаттығу жиынына қатысатын атлеттер

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы 1-21 сәуір аралығында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Кеше құрама Түркияға ұшып кетті.

Бұған дейін де 16 спортшы наурыз айында дәл сол жерде жаттыққан болатын. Енді, сәуір жиынға қатысатын спортшылардың саны 35-ке көбейіп отыр.

­– Жазғы маусымға дайындық жүргіземіз. Оқу-жаттығу жиынын өткізуге қолайлы деп Белекті таңдап алдық. Біздің атлеттерге бұл жер таңсық. Биылғы маусымда үш рет бардық. Оның екеуі былтыр қазан және қараша айларында өтті. Одан кейін наурызда жазғы маусымның дайындығы басталды. Белекте жоғары деңгейлі жаттығу жасау үшін барлығы қамтамасыз етілген. Инфрақұрлым заманауи стандартқа сай, жеңіл атлетика стадионы, жаттығу және спорт зал, бассейні бар. Медициналық процедуралар алуға да болады. Сондықтан бізге Белек қолайлы болып тұр, – дейді ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров.

Сонымен Белектегі оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрама мүшелері:

Әйелдер

1. Аделина Ахметова (400 м к/а, 4х400)

2. Анастасия Виноградова (100 м к/а)

3. Светлана Голендова (400 м, 4х400)

4. Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)

5.Анастасия Ермакова (сырықпен секіру)

6. Орынгүл Зкриенова (100 м к/а)

7. Виктория Зябкина (100, 200 м)

8. Полина Иванова (сырықпен секіру)

9. Мерджен Ишенгулиева (400 м к/а, 800 м)

10. Рима Кашафутдинова (100 м)

11. Элина Михина (400 м, 4х400)

12. Маргарита Мұқашева (800 м)

13. Диана Нүсіпбекова (балға лақтыру)

14. Мария Овчинникова (үш қарғып секіру)

15. Екатерина Парамонова (800 м)

16. Ольга Сафронова (100, 200 м)

17. Мария Телушкина (диск лақтыру)

18. Анастасия Тулапина (100, 200)

19. Любовь Ушакова (400 м, 4х400)

20. Әйгерім Шыназбекова (100 м к/а)

Ерлер

1. Рүстем Әлмағамбетов (100, 200)

2. Артур Гафнер (найза лақтыру)

3. Владислав Григорьев (100, 200)

4. Сергей Григорьев (сырықпен секіру)

5. Давид Ефремов (100, 200)

6. Сергей Засимович (биіктікке секіру)

7. Виталий Земс (100, 200)

8. Вячеслав Земс (110 к/а)

9. Андрей Соколов (400, 4х400)

10 Никита Филиппов (сырықпен секіру).

Тізімге қайта оралу