Сырықпен секіруде Ермакова мен Филиппов екінші орынды қанағат тұтты Фото авторы – Константин Князевич

Сырықпен секіруде Ермакова мен Филиппов екінші орынды қанағат тұтты

Қазақстан чемпионатында сырықпен секіру сайысында негізі фаворит саналған Анастасия Ермакова мен Никита Филипов емес, 15 жастағы Полина Иванова мен қарағандылық Данил Полянский жеңіске жетті.

Әйелдер арасындағы сайысқа төрт спортшы қатысты. Олардың арасында Полинаның жеңісі таңқаларлық болғанымен, мамандарды қуантты. Иванова 3.50,3.60 метрлерді екінші мүмкіндігінде бағындырса, сосын 3.70 және 3.80 метрге оңай секірді. Сөйтіп, ел чемпионы атанды. Ал күміс жүлде биылғы жылы мектеп бітірген 18 жастағы Анастасия Ермаковаға бұйырды. Ол жарысты 3.60 метрмен аяқтады. Үштікте Ярослава Вислобокова  (3.50 м) бар.

23 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. Сырықпен секіру.

Әйелдер:

1.Полина Иванова (Алматы) – 3.80 м

2.Анастасия Ермакова (Алматы) – 3.60 м

3.Ярослава Вислобокова (Алматы) – 3.50 м.

Ерлерден фаворит Никита Филиппов пен Сергей Григорьев саналған. Алайда Никита 5.20 метрден аса алмады. Ол 5.35 метрге қанша талпынғанымен, бұл күні жолы болмады. Никита екінші орынды қанағат тұтты.Сол секілді Григорьевте де 5.20 метрден бастаған үш талпынысы да сәтсіз аяқталды. Чемпион атанған қарағандылық Данил Полянский 5.20 метрмен шектелді. Бірақ ол 5 метрді бірінші мүмкіндігінде-ақ сәтті секірген. Сондықтан бас жүлде соның еншісінде кетті. Қола жүлдеге тағы бір алматылық Станислав Соловьев ие болды (4.60 м).

24 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. Сырықпен секіру.

Ерлер:

1.Данил Полянский (Қарағанды обл.) – 5.20 м

2.Никита Филиппов (Алматы) – 5.20 м

3.Станислав Соловьев (Алматы) – 4.60 м

Тізімге қайта оралу