Сырықпен секіруші Анна Даниловская жарақатынан айығып, спортқа оралды
136

Сырықпен секіруші Анна Даниловская жарақатынан айығып, спортқа оралды

Алматыда аяқталған Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде сырықпен секірушілер арасында жергілікті спортшы Анна Даниловскаядың өнеріне куә болдық.

Даниловской ұзақ уақыт жарыс жолына шықпаған еді. Тіпті, жаттығу жұмыстарына мүмкіндігі болмады. Өйткені спортшы аса ауыр жарақат алып, жеңіл атлетикамен белгісіз уақытқа қол үзе тұруына тура келген.

Енді, міне, 20 мамыр күні Қазақстан кубогында қайтадан қолына сырық ұстап шықты. Тағы бір алматылық Ярослава Вислобоковой екеуі сайысқа түсті. Даниловской 3 метр 30 сантиметрге секірді. Ал Вислобоковой одан 20 сантиметрге озып кетті.

Бастысы, Ярослава спортқа оралды. Айта кетейік, спортшы – 2015 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарған. Былтырғы жылы 3.80 метрге секіріп, әйелдер арасындағы Қазақстанның ең үздік нәтижесін тіркеген.

Алматы. Қазақстан кубогы 1-кезең. Сырықпен секіру.

Әйелдер:

1. Ярослава Вислобокова (Алматы) – 3.50 м;

2. Анна Даниловская (Алматы) – 3.30 м.

Ерлерден ұлттық құрама көшбасшылары Никита Филиппов, Сергей Григорьев осының алдында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен халықаралық турнирге қатысқан болатын. Сондықтан қарағандылық Данил Полянскийдің мерейі үстем болды. Оның Алматыдағы үздік нәтижесі –5.30 метр.

Алматы. Қазақстан кубогы 1-кезең. Сырықпен секіру.

Әйелдер:

1. Данил Полянский (Алматы) – 5.30 м;

2. Иван Товченик (Алматы) – 4.60 м; 

3. Станислав Соловьев (Алматы) – 4.50 м.

Тізімге қайта оралу