Сырықпен секірудің алтыны Сергей Григорьевтің еншісінде Фото VKsport
104

Сырықпен секірудің алтыны Сергей Григорьевтің еншісінде

Алматыда өткен XVIII Ғұсман Қосанов Мемориалында сырықпен секіруден ерлер арасында Сергей Григорьев жеңіске жетті.

Бұл сайыс түрінен елімізде анық екі көшбасшы бар. Екеуі де Сергей Кулибабаның қарамағында жаттығады. Біз айтып отырған спортшылар – Сергей Григорьев пен Никита Филиппов. Сондай-ақ қарағандылық Данил Полянский мен алматылық жас атлет Михаил Буданы да қосуға болады.

Ал Ираннан келген Мохамад Баниадамдарисари қазақстандық атлеттерге бәсекелес бола алмады. Алдымен 4.80 метрге секіріп,кейіннен 5 метрді оңай бағындырған. Бірақ кейіннен 5.10 метрлік биіктікті ырқына көндіре алмады.

Былтыр Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында алған жарақатынан енді ғана айыққан Сергей Григорьев 5 метрге екінші мүмкіндігінде ғана секірді. Одан соң 5.20 және 5.40 метрді бағындырды. Бірақ 5.50 метрге талпысы өз нәтижесін берген жоқ. Дегенмен Григорьев қайтадан өзіне сеніміділігі артып, көрсеткішін жақсартуда.

Никита Филиппов Қосанов Мемориалын бірден 5.30 метрмен бастады. 26 жастағы спортшыға бұл биіктік аса қиындық тудырған жоқ. Данил Полянский де 5.30 метрге алғашқы мүмкіндігінде-ақ сәтті секірді. Бірақ кейіннен үш рет 5.40 метрге талпынғанымен, сәтсіз аяқталды. Ал Филиппов бірден 5.50 ұмтылған. Онысынан түк шыққан жоқ.

Сөйтіп, Сергей Григорьев жеңімпаз атанды. Екінші орынға бірден Никита Филиппов пен Данил Полянский орналасты. Екеуі де алғашқы мүмкіндігінде 5.30 метрді бағындырған.

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. Сырықпен секіру.

Ерлер:

1. Сергей Григорьев (Қазақстан) – 5.40;

2. Данил Полянский (Қазақстан) – 5.30;

2. Никита Филиппов (Қазақстан) – 5.30.

Тізімге қайта оралу