Taiwan Athletics Open: Виноградова мен Шыназбекова қатысқан сайыстың видеосы
321

Taiwan Athletics Open: Виноградова мен Шыназбекова қатысқан сайыстың видеосы

Жақында қазақстандық жеңіл атлеттер Анастасия Виноградова мен Әйгерім Шыназбекова Тайбэйдегі ашық чемпионатқа қатысқан болатын. Назарларыңызға 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіретін екі спортшының қатысуымен өткен сайыстың видеосын ұсынамыз.


Айта кетейік,  100 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген спортшылар тиісінше төртінші және алтыншы орынға тұрақтады.

Іріктеу кезеңінде 27 спортшы жүгірді. Жергілікті спортшылардан бөлек, 2017 жылғы Азия чемпионы Чон Хелим (Корея), еліміздің екі спортшысы және Гонгонгтан келген Луи Лаи Ю болды.

Бірінші раундтан қазақстандық атлеттер сәтті өтті. Іріктеу кезеңінде ЧонХелим (13,27 сек.), Виноградова (13,53), Шыназбекова (13,60) алғашқы үштікті қорытындылады. Одан кейінгі орындарға Луи Лаи Ю (13,60) мен жарыс қожайыны Хси Ен Хсиеш (13,61) орналасты.

Финалда іріктеуге қатысқан 2015 жылғы Панамерика чемпионы Квин Харрисон (АҚШ) жүгірді. Спортшының жеке рекорды – 12,43 секунд.

Алғашқы 50 метрлік қашықтықта Квинге Чон Хелим бәсекелестік таңытқан. Бірақ америкалық жылдамдығын арттырғанда, кореялық атлет 0,43 секундқа ұтылып қалды.

Отандастарымыз жүлдеге таласқанымен, соңғы сәтте Луи Лаи Ю-ды алға жіберіп алды.

Тізімге қайта оралу