Тайпэйдегі Универсиада ойындарында 25 жеңіл атлет ел намысын қорғайды
Бек Төлеуов  
272

Тайпэйдегі Универсиада ойындарында 25 жеңіл атлет ел намысын қорғайды

2017 жылғы жазғы Универсиада ойындары 19-30 тамыз аралығында Тайванның Тайпэй қаласында өтеді.

Тайпэйдегі Универсиадаға спортың 21 түрі енген. Қазіргі кезде ашылу салтанатының 12 мың билеті сатылып кеткен. Студенттер ойынына Қазақстан жастары да қатысады. Олардың арасында жеңіл атлеттер де бар. Бас бапкер Григорий Егоров жариялаған тізімде 25 жеңіл атлет іліккен.

1. Дмитрий Коблов – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру

2. Владислав Земс – 100 метрге жүгіру, 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

3. Андрей Соколов – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру

4. Михаил Литвин – 400 метрге жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру

5. Георгий Шейко – спорттық жүріс

6. Роман Лошкарев – биіктікке секіру

7. Игорь Кондратьев – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру

8. Никита Филиппов – сырықпен секіру

9. Сергей Григорьев – сырықпен секіру

10. Владислав Григорьев – 100 және 200 метрге жүгіру

11. Иван Иванов – ядро серпу

12. Михаил Красилов – жартылай марафон

13. Иманмәди Құсманов – 800 метрге жүгіру

Әйелдер:

1. Виктория Зябкина – 100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 метрге эстафеталық жүгіру

2. Ольга Сафронова –100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру

3. Рима Кашафутдинова – 100 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру

4. Светлана Голендова – 100 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру

5. Мария Овчинникова – үш қарғып және ұзындыққа секіру

6. Екатерина Эктова – үш қарғып және ұзындыққа секіру

7. Элина Михина – 400 метрге жүгіру

8. Әйгерім Шыназбекова – 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х100 метрге эстафеталық жүгіру

9. Орынгүл Зкриенова – 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

10. Варвара Назарова – найза лақтыру

11. Диана Нүсіпбекова – балға лақтыру

12. Полина Репина – спорттық жүріс

    Айта кетейік, 2015 жылғы жазғы Универсиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер 4 алтын жеңіп алған болатын. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында Виктория Зябкина 100 және 200 метрге жүгіруден, Никита Филиппов сырықпен секіруден және 4х100 метрге эстафеталық жүгіруден әйелдер құрамасы жеңіске жеткен еді.

Тізімге қайта оралу