Тараз қаласы кросстан Қазақстан чемпионатын өткізеді
271

Тараз қаласы кросстан Қазақстан чемпионатын өткізеді

Әулиета өңірі 14 қазанда кросстан республикалық чемпионатты қабылдайды.

Тараз қаласы кросстан ел чемпионатын осымен төртінші рет өткізгелі отыр. Атлеттер Тектұрмас күмбезі орналасқан аймақтағы 2 шақырымдық тас жолды айналып жүгіретін болады. Ерлердің жүгіру қашықтықтығы – 12 шақырым. Яғни 6 айналым жасайды. Ал әйелдер 8 шақырымға жүгіреді (4 айналым).  16 жасқа дейінгі жасөспірімдер тек 2 шақырымға бақ сынайды.

Ел чемпионатына қатысатындардың арасында Андрей Лейменов (ШҚО), Михаил Красилов (Жамбыл обл), Алексей Гусаров (Алматы), Татьяна Нерознак (Қостанай) секілді елімізге танымал стайерлер бар.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының орта, ұзақ қашықтық және марафонға жүгіру бойынша аға жаттықтырушысы Артем Жигаловтың айтуынша чемпионатқа 150-ге жуық спортшы қатысуға ниетті.

– Еліміздің әр түкпірінен 150 спортшы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Стартқа атлеттер 4 жас шамасы бойынша шығады. Ересектер, жастар(1998-99) және 2000-01 мен 2002-03 жылы туған жасөспірімдер жүгіретін болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жекелей сын және командалық бәсеке бойынша анықталады, – дейді Артем Жигалов. 

Тізімге қайта оралу