Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Тараздықтар мен қызылордалықтарға кедергілер кесір бола алмады

14.06.2017

128
Тараздықтар мен қызылордалықтарға кедергілер кесір бола алмады Ерлер арасында мәре сызығын бірінші болып Дмитрий Иванчуков қиды. (фото: Эдуард Гавриш)

Кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден ел чемпиондары анықталды. Ерлер арасында Жамбыл облысының өкілі Дмитрий Иванчуков жеңімпаз атанса, қыздар арасындағы бәйгеде қызылордалық Светлана Саунина жеңіс тұғырының биігінен көрінді.

Жеңіл атлетиканың ең қызықты бағдарламаларының бірі – кедергілер арқылы жүгіру. Атлеттердің алдынан небір кедергілер шығып, бірде тосқауылдардан, бірде көлшік сулардан өтулері тиіс болады.

Тараздықтар мен қызылордалықтарға мұндай кедергілер жеңіске жетуге кедергі бола алмайды екен. Ерлер арасында тараздық Дмитрий Иванчуков үш шақырымды 9 минут 10,18 секундта қиып өтсе, қыздардан қызылордалық 17 жасар бойжеткен Светлана Саунина 11.40 минуттық көрсеткішпен ел чемпионы атанды.

Жалпы, байқағанымыз, жеңіл атлетиканың бұл түрінде жастар көп екен. Мәселен, ерлер арасында алматылық Ислам Аманқостың жасы 21-де, ал үшінші орындағы қызылордалық атлет Рақымжан Келманов жақында ғана 19-ға толды. Қыздар арасында да жағдай сондай. Саунинадан бөлек, екінші орынды иемденген Елизавета Астафьева да биыл 18-ге толады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда маусымның 12-сі күні басталған ел чемпионаты бүгін аяқталды.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

Ерлер:

1. Дмитрий Иванчуков (Жамбыл) – 9:10.18

2. Ислам Аманқос (Алматы) – 9:20.12

3. Рақымжан Келманов (Қызылорда) – 9:39.09

Әйелдер:

1. Светлана Саунина (Қызылорда) – 11:40.00

2. Елизавета Астафьева (СҚО) – 11:45.19

3. Людмила Монина (Алматы обл.) – 12:24.53

Тізімге қайта оралу