ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Татьяна Назарованың тобы Таиландта оқу-жаттығу жиынын өткізеді
129

Татьяна Назарованың тобы Таиландта оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Бүгін ұлттық құраманың резервтерді дайындау бойынша аға бапкері Татьяна Назарова бір топ спортшылармен бірге Таиландқа оқу-жаттығу жиындарына аттанады. Мақсат жазғы маусымға дайындық жүргізу.

Аға бапкердің қарамағында спортшылардан найза лақтырушы Варвара Назарова мен Назым Қанатқызы, көпсайыстың өкілдері Надежда Кирнос мен Сарифа Рзакулиева, және жас атлет Адина Мақсұтова бар.

– Жазғы маусымға дайындаламыз. Оқу-жаттығу жиыны екі аптаға созылады. Бангокқа жақын орналасқан Таммасат университетінің жаттығу кешенін таңдадық. Варвара бұған дейін осы жерде жаттыққан. Сондықтан оған барлығы таныс. Тәжірибелі өзбек бапкері Сергей Войнов сонда жұмыс істеді. Мен апара жатқан бес спортшының өз мақсаты бар. Адина мен Назым жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысады. Аргентинадағы Олимпиада ойындарына бару үшін маусым айының басында Таиландта іріктеу жүргізіледі. Сарифа Жапоиняның Гифу қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына дайындалады. Ал Варвара мен Надежданы жазғы Азия ойындары күтіп тұр, – Татьяна Назарова.

Айта кетейік, Варвара Назарова Шымкентте өткен қысқы Қазақстан чемпионатында найза лақтырудан 48,28 метрмен чемпион атанды.

Тізімге қайта оралу