Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

1

Күн
Дунгань, Қытай

Татьяна Нерознак: ШЫҰ марафонында жеңіске жеткеніме қуаныштымын

27.08.2017

138
Татьяна Нерознак: ШЫҰ марафонында жеңіске жеткеніме қуаныштымын

Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының марафонында 10 шақырымға жүгірген қыздардың арасында қостанайлық Татьяна Нерознак жеңіске жетті. 800 және 1500 метрге жүгіруден еліміздің бірнеше дүркін чемпионы мәреге 41 минут 07 секундта жетті.

– Татьяна алдымен жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз.

– Рахмет. Өте жеңіл жүгірдім. Астананың тас жолы қатты ұнады. Бұл жеңістен кейін көңіл күйім көтеріліп қалды.

– Марафонға алғаш рет қатыстыңыз ба?

– Мен осының алдында Қарағандыда жүгіргенмін. «Арманға жол!» марафонында да 10 шақырымға қатыстым. Осы жолы Астанадағы марафонда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Марафон өте керемет ұйымдастырылған екен.

Сізбен бірге бірнеше танымал спортшылар, кәсіби жеңіл атлеттер қатысты. Жүгірген кезде оларды байқадыңыз ба?

– Жоқ мен ешкімге назар аударған жоқпын. Тек алдыға қарап, уақыт көрсеткішімді жақсартуға тырыстым.

– Енді алда қандай жоспарыңыз бар?

– Қыркүйек айында Астана марафонына қатысамын. Соған дайындықты күшейтемін.

 ШЫҰ марафоны – 2017.

10 шақырым. Әйелдер:

1. Татьяна Нерознак (Қостанай) – 41,07 минут

 2. Балнұр Ассылбек (Шымкент) – 41,30

3. Надежда Бекмагамбетова ( Көкшетау) -  42.15

Тізімге қайта оралу