Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 13 атлет қорғайды

27.07.2017

Бек Төлеуов  
184
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 13 атлет қорғайды

Жеңіл атлетикадан XVI әлем чемионаты 4-13 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтеді. Дүниежүзілік додаға еліміздің атынан 13 атлет қатысады.

Әлем чемпионатының нормативін орындау уақыты 23 шілде күні аяқталды. Осы уақыт аралығында спорттық жүрістен 4 атлет, 2 марафоншы, 2 үш қарғып секіруші, әйелдер арасында 100 , 200 және 4х100 метрге командалық эстафетадан Қазақстан құрамасының спортшылары жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты марафоншы Ирина Смольникова әлем чемпионатынан бас тартты. Сондай-ақ Виктория Зябкина жекелей сында тек 200 метрге жүгіретін болды.

Қазақстан құрамасы:

1. Ольга Рыпакова (Шығыс Қазақстан облысы) – үш қарғып секіру

2. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы) – үш қарғып секіру

3. Виктория Зябкина (Алматы қаласы) – 200 метрге және  4х100 эстафетаға жүгіру

4. Георгий Шейко (Батыс Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс

5. Полина Репина (Батыс Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс

6. Регина Рыкова (Оңтүстік Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс

7. Диана Айдосова (Алматы қаласы) – 20 шақырымға спорттық жүріс

8. Елена Наназиашвили (Алматы қаласы) – марафон

9. Ольга Сафронова (Павлодор облысы) – 4х100 эстафеталық жүгіру

10. Юлия Рахманова (Алматы қаласы) –  4х100 эстафеталық жүгіру

11. Рима Кашафутдинова (Қарағанды облысы)  –  4х100 эстафеталық жүгіру

12. Светлана Голендова (Жамбыл облысы) –  4х100 эстафеталық жүгіру

13. Анастасия Тулапина (Алматы қаласы) – 4х100 эстафеталық жүгіру

Жаттықтырушылар штабы:

Қуандық Елжанов – мемлекеттік жаттықтырушы

Григорий Егоров – бас бапкер

Сергей Алексеев – бапкер

Денис Рыпаков – бапкер

Тізімге қайта оралу