Қыздар эстафетадан үшінші алтындарын еншіледі

02.05.2017

Бек Төлеуов  
93
Қыздар эстафетадан үшінші алтындарын еншіледі

Тайбэйдегі Азия Гран-приінің үшінші кезеңінде Қазақстан қыздар құрамасы 100 метрге жүгіруден командалық эстафетада жеңіске жетті.

Римма Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина және Виктория Зябкина бұл қашықтықты 43,40 секундта қиып өтті. Екінші орынға Қытай қыздары табан тіреді (43,88 сек). Үштікті жарыс қожайындары Тайбэй спортшылары қорытындылады (44,87 сек).

Азия Гран-приінің соңғы кезеңінде командалық эстафетеда бір өзгеріс жасалды. Юлия Рахманованың орнына 100 метрге жекелей сында ешкімге дес бермеген Виктория Зябкина қосылды. Ал Қытай құрамасы тіптен үш спортшысын ауыстырды. Оларға Нассаудағы әлем чемпионатында қола жүлде алған атлеттері көмектесті. Бірақ біздің қыздар Аспанасты елінің жұлдызды құрамына да мүмкіндік бермеді.

Айиа кетейік, Азия Гран-приінің соңғы күнінде Қазақстан құрамасы жалпы саны 6 медаль (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) жеңіп алды. Жалпы командалық есепте тағы да Қытай спортшылары үздік болды. Олар үшінші кезеңде 11 медальға қол жеткізді.

Тізімге қайта оралу