Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

4

Күн
Джакарта, Индонезия
IAAF 2017 жылдың үздік жеңіл атлеттеріне үміткерлердің тізімін жариялады
254

IAAF 2017 жылдың үздік жеңіл атлеттеріне үміткерлердің тізімін жариялады

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) 2017 жылдың үздік атлетіне үміткерлердің тізімін жариялады.

IAAF-тың шорт-листына 10 ер, 10 әйел спортшы енген.

Ерлер

Мутаз Баршим (Катар, биіктікке секіру)
Павел Файдек (Польша, балға лақтыру)
Мохаммед Фара (Ұлыбритания, жүгіру)
Сэм Кендрикс (АҚШ, сырықпен секіру)
Элайя Манангои (Кения, жүгіру)
Луво Маньонга (ОАР, ұзындыққа секіру)
Омар Маклауд (Ямайка, жүгіру)
Кристиан Тэйлор (АҚШ, үш қарғып секіру)
Уэйд ван Никерк (ОАР, жүгіру)
Йоханнес Феттер (Германия, найза лақтыру)

Әйелдер

Алмаз Аяна (Эфиопия, жүгіру)
Мария Ласицкене (Ресей, биіктікке секіру)
Хеллен Обири (Кения, жүгіру)
Салли Пирсон (Аустралия, жүгіру)
Сандра Перкович (Хорватия, диск)
Бритни Рис (АҚШ, ұзындыққа секіру)
Кастер Семеня (ОАР, жүгіру)
Екатерини Стефаниди (Грекия, сырықпен секіру)
Нафиссату Тиам (Бельгия, жетісайыс)
Анита Влодарчик (Польша, балға лақтыру).

Дауыс беруге IAAF кеңесінің мүшелері (жалпы дауыстың 50 пайызы), IAAF мүшелері (25 %) және жанкүйерлер (25 %) қатысады.

 Жанкүйерлер дауысты IAAF-тың Facebook,Twitter секілді әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы бере алады.

Дауыс беру 16 қазанда аяқталады. Марапаттау рәсімі 24 қарашада Монакода өтеді.

Айта кетейік, 9 жылдан бері алғаш рет жақында карьерасын аяқтаған спринтер Усейн Болт енбей қалды. Ямайкалық атлет 6 рет әлемнің үздігі атанған болатын. 

Тізімге қайта оралу