ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
 IAAF мамандары Астана марафоны өтетін тас жолды өлшеп көрді (Фоторепортаж)
Бек Төлеуов  
277

IAAF мамандары Астана марафоны өтетін тас жолды өлшеп көрді (Фоторепортаж)

Кеше түнде Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) танымал мамандары, испаниялық Мигель Анхел мен Рамон Хорхе 27 тамызда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ)марафоны өтетін жолды тексеріп көрді.

Мигель Анхел мен Рамон Хорке бұған дейін маусым айында келіп кеткен болатын. Осы жолы марафонға дайындықтың финалдық кезеңін тексеріп, 42 шақырым 195 метрді өлшеп көрді. Кеше түнге 22:00-ден таңғы уақытқа дейін марафоншылар жүгіретін жолды велосипедпен жүріп өтті.Испаниядан келген мамандарға Қазақстан жеңіл федерациясы спорттық директорының ассисенті Артем Жигалов көмектесті.

Енді Астанадағы тас жол IAAF-тың лицензициясын алатын болады. Янғи алдағы уақытта елордамызда марафоннан және жартылай марафоннан әлем чемпионатын өткізуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ 27 тамызда өтетін ШЫҰ марафонындағы әр түрлі нәтижелер мен рекордтарды Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы есепке алады.

 

Тізімге қайта оралу