XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Елбасы Түркіменстандағы жабық кешендегі Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысады

17.09.2017

178
Елбасы Түркіменстандағы жабық кешендегі Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысады

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтетін жабық кешендегі Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысады.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Түрікменстан Президенті жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысуға шақыруын қабыл алып, қонақжай түрікмен жеріне келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

– Бұл – Орталық Азия өңірінің барлық елдеріне ортақ мереке. Бұл – біздің ниеттестігіміз бен ауызбіршілігіміздің көрсеткіші. Осы ойындарға 64 елдің өкілдері қатысып отыр, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының өтініші бойынша 65-ші ел ретінде босқындардан тұратын құрама қатысуда. Олар осы ойындардың туын ұстап сынға түседі, – деді Гурбангулы Бердімұхамедов.

Қазақстан Президенті жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылық білдіріп, осындай іс-шараларды өткізудің маңызды екенін айтты.

– Мен Сізді осы Азия ойындарының өтуімен құттықтаймын. Көптеген спорт нысандары салынды, алдағы уақытта олар халықтың игілігіне қызмет ететін болады. Мұндай іс-шаралар арқылы Түрікменстанның әлемге танымалдығы арта түседі. Биыл Қазақстан да ауқымды спорт сайысын – 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізді. Жалпы, біздің өңірде ірі халықаралық іс-шараларды өткізу өте маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті Түрікменстан халқына және Түрікменстан Президентіне, сондай-ақ ойындарға қатысуға келген спортшыларға табыс тіледі.

Тізімге қайта оралу