Тимур Құлыбаев Азия чемпионатында жеңіске жеткен жеңіл атлеттерге құттықтау хатын жолдады
295

Тимур Құлыбаев Азия чемпионатында жеңіске жеткен жеңіл атлеттерге құттықтау хатын жолдады

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен жеңіл атлеттерге құттықтау хатын жолдады.

«Құрметті спортшылар және жаттықтырушылар штабы!

Үндістанда өткен жеңіл атлетикадан XXII Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер еліміздің осыы түрінен бай дәстүрі бар екенін тағы бір мәрте көрсеттеңіздер.

Азия чемпионатында алтын алған Виктория Зябкина, Мария Овчинникова, эстафетадан қыздар құрамасын және күміс жүлдегерлер Ольга Сафронова, Ирина Эктова, қола медаль еншілеген Иван Ивановты және аттлерді дайындаған жаттықтырушылар штабына алғыс білдіремін. Біздің құраманың спортшылары жоғары кәсібилікті, нағыз спорттық мінезді және Қазақстан сары құрлықтағы үздіктердің бірі екенін дәлелдей алды.

Барлықтарыңызға сәттілік, денсаулық және жаңа шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілектеспін!», – делінген ҰОК президенті жолдаған құттықтау хатта.

 Айта кетейік, Бхубанешвардағы Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасына 8 медаль бұйырды. Оның төртеуі алтын, екеуі күміс, екеуі қола. Сөйтіп, жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Көшбасында жарыс қожайыны Үндістан 29 медаль (12 алтын, 5 күміс, 12 қола) мен Қытай (8 алтын, 7 күміс, 5 қола) бар.

Жалпы, Азия чемпионатына 43 елден 800-ден астам спортшы қатысты.

Тізімге қайта оралу