Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Тимур Құлыбаев Ольга Рыпакованы әлем чемпионатындағы жүлдесімен құттықтады

09.08.2017

Бек Төлеуов  
116
 Тимур Құлыбаев Ольга Рыпакованы әлем чемпионатындағы жүлдесімен құттықтады

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Лондонда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған Ольга Рыпаковаға құттықтау хатын жолдады.

Ұлыбритания астанасында Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 14,77 метрмен нәтижемен үшінші орынға тұрақтады. Осылайша, жерлесіміз әлем біріншілілігінде үшінші рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Ол бұған дейін 2011, 2015 жылы үздік үштіктен көрінген болатын.  

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Лондонда өтіп жатқан 2017 жылғы әлем чемпионатындағы үш қарғып секіру сайысынан жеңіп алған қола жүлдеңізбен шын жүректен құттықтайды. Еліміздің спорттық шежіресінде сіздің есіміңіз алтын әріптермен бұрыннан-ақ жазылды. Қазақстандық жанкүйерлер қашан да сізге үлкен үміт артады. Осыдан бес жыл бұрын Лондонның олимпиадалық стадионында чемпион атанған едіңіз. Бұл жолы да бұл стадионнан қоржыңыз бос кетпеді. Бұл нағыз еңбекқорлық мақсат пен өз ісіне адал болудың керемет үлгісі. Сізге қазақстандық жеңіл атлетиканың бай дәстүрін одан әрі жалғастырып, елімізді жаңа жетістіктермен қуанта беруіңізді тілеймін»,  – делінген құтықтау хатта.

Тізімге қайта оралу