Тосқауылдар арқылы 400 метрге жүгірудің үздіктері анықталды

14.06.2017

96
Тосқауылдар арқылы 400 метрге жүгірудің үздіктері анықталды Марджена Ишангулиева 400 метрді тосқауылдар арқылы 57.72 секундта жүгіріп өтті (фото: Эдуард Гавриш)

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруде ерлер арасында павлодарлық Игорь Кондратьев жеңімпаз атанса, қыздар арасында алматылық Марджена Ишангулиева алдына жан салмады.

Жігіттер арасындағы сында павлодарлық Игорь Кондратьев мәре сызығын 51.79 секундта қиып өтіп, спорт шебері санатын орындады. Сондай-ақ, жеңіс тұғырынан көрінген өзге екеуі, яғни оңтүстік қазақстандықтар Дмитрий Коблов пен Александр Пудовинников те спорт шебері санатын орындаған. Бірақ, 400 метрді Коблов 51.83 секундта жүгіріп өтсе, Пудовинниковке бұл қашықтықты бағындыру үшін 52.73 секунд қажет болды.

Қыздар арасында тәжірибелі Марджена Ишангулиева алдына жан салған жоқ. Алматылық ару 400 метрді тосқауылдар арқылы 57.72 секундта жүгіріп өтті. Дегенмен, қарағандылық Аделина Ахметованың да ұмтылысына риза болдық. 19 жастағы бойжеткеннің көрсеткіші – 58.98 секунд. Дегенмен, жаттығуы дұрыс болса, алдағы уақытта бұл желаяқтан зор үміт күтуге болатын секілді. Ал үздік үштікке бұл қашықтықта тағы бір алматылық Марина Зайко енді.

Тосқауылдар арқылы 400 метрге жүгіру

Ерлер:

1. Игорь Кондратьев (Павлодар) – 51.79

2. Дмитрий Коблов (ОҚО) – 51.83

3. Александр Пудовинников (ОҚО) – 52.73

Әйелдер:

1. Марджена Ишангулиева (Алматы) – 57.72

2. Аделина Ахметова (Қарағанды) – 58.98

3. Марина Зайко (Алматы) – 59.54

Тізімге қайта оралу