Тосқауылдар арқылы жүгіруде қысқа қашықтықтың чемпионы – Вячеслав Земс

14.06.2017

35
Тосқауылдар арқылы жүгіруде қысқа қашықтықтың чемпионы – Вячеслав Земс Вячеслав Земс - осы бағдарламадағы ең жас спринтерлердің бірі

Тосқауылдар арқылы 110 метрге жүгіруде ерлер арасында қарағандылық желаяқ Вячеслав Земс ел чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, маусымның 12-сі мен 14-і аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан ашық чемпионаты өтіп жатыр.

Қарағандыдан келген 19 жасар спринтер 110 метрді тосқауылдар арқылы 14.13 секундта жүгіріп өтті. Оның басты бәсекелесі маңғыстаулық атлет Денис Семеновке бұл қашықтық 14.42 секундта бағынды. Үшінші орын тағы бір маңғыстаулық Александр Мартиросовтың еншісінде.

Айта кетейік, Земс осы бағдарламадағы ең жас спринтерлердің бірі. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, тұғырға көтерілген үштіктің ішінде Семеновтің жасы 26-да болса, Мартиросов 25-ке толған. Яғни, алдағы болашақта Земс өз көрсеткішін тек жақсарта беріп, өкшесін басар басқа атлет шығып қалмаса, әлі біраз жыл ішкі аренада тұғырдың биігінен түспеуі тиіс.

110 м. тосқауылдар арқылы (ерлер)

1. Вячеслав Земс (Қарағанды) – 14.13

2. Денис Семенов (Маңғыстау) – 14.42

3. Александр Мартиросов (Маңғыстау) – 14.60

Тізімге қайта оралу