XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

5

Күн
Алматы

Тауэр көпірі немесе біздің спортшылар қайда орналасты?

07.08.2017

Нұрғазы САСАЕВ  
449
Тауэр көпірі немесе біздің спортшылар қайда орналасты? Тауэр көпірі мен Гуомэн қонақ үйі. Фото: booking.com

ХVІ әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан жеңілатлеттері Тауэр көпірінің жанындағы зәулім қонақ үйде тұрады.

Тауэр көпірі (ағылшынша – Tower Bridge) Лондонның, тіпті Британияның символы болып есептелетін жиналмалы көпір. Ол 1894 жылы ашылған. Темза өзініне көлденең салынған. Ұзындығы – 244 метр, ені – 24 метр. Орта тұсында екі мұнарасы бар. Мұнаралардың биіктігі – 65 метр. Осы екі мұнараның аралығы ашылады, яғни 83 градусқа дейін көтеріліп, қажет кезінде астынан үлкен кемелер өтеді (төменде суретте).

Айтпақшы, кеше марафон жарыстары Тауэр көпірінен басталып, дәл осы жерде аяқталды. Яғни сөре де, көмбе де аталмыш алып көпірдің үстінде тігіліпті. Әрине, автокөлік қозғалысы тоқтатылды. Жол қауіпсіздігі қатаң қадағаланды. Көрермендер біршама көп жиналды.

Тауэр көпірінің мүйісінде, Темза өзенінің жағасында Гуомэн қонақ үйі (Guoman Hotel) орналасқан. Осы қонақ үйде көптеген елдің спортшылары жайғасқан. Олардың араснда біздің спортшылар да бар. «Олимпиаладық» стадионға жарты, кейде сағат сайын автобус жүріп тұрады. Олар жаттығу жұмысын өткізетін және әлем чемпионаты жарыстары мен сайыстарына қатысатын спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ары-бері тасымалдайды.

Жалпы, спортшыларға барлық жағдай жасалған. Үш уақыт тамақ беріледі. Жергілікті уақытпен: тәңертеңгі ас – 6:00-ден 10:00-ге дейін; түскі ас – 12:00-ден 16:00-ге дейін, ал кешкі ас – 19:00-ден 23:30-ға дейін. Қонақ үй ішінде Интернет – тегін. Стадион аса алыс емес. Автобустар қала ішіндегі қозғалыспен жарты сағатта жетеді. Стадионда да, қонақ үйде де ішетін су – тегін. «Олимпиаладық» стадионның қосалқы алаңдарында спортшылардың жаттығу жұмыстарын өткізулеріне жағдай жасалған, мүмкіндік беріледі.  

Қазақстан делегациясы – шағын ғана. Өйткені әлем чемпионатына қатысатын спортшыларымыздың жалпы саны – 13 қана. Әрі олардың бәрі бірдей Лондонда емес. Ертең бүкіләлемдік біріншілікте өнер көрсетіп болған қыздарымыз туған елге қайтады. Кейбір бапкерлеріміз де солармен бірге кетеді. Олардың орындарына эстафетаға қатысатын қыздарымыз келіп орналасады.

Қысқасы, ұйымдастырушылар барлық жағдайды қарастырған. Спортшыларға қолайлы жағдай жасалған. Бірақ асыра сілтеу жоқ. Бәрі де – өз жөнімен, ретімен. Волонтерлар жеткілікті. Әр тілде сөйлейтіндері аз емес. Автобустан бөлек, метромен тегін жүруге болатын карточка берілген. Былайша айтқанда, бәрі де бар, тек уақыт жоқ. Спортшылар жаттығу жұмыстарын өткізіп, әлем чемпионатында сенімді ақтауға тырысып жүр. Әрине, толқу да жоқ емес...



Тізімге қайта оралу