ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
 Ұлттық құрама қаңтар айын Өскеменде өткізеді
161

Ұлттық құрама қаңтар айын Өскеменде өткізеді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын 8-21 қаңтар аралығында Өскеменде өткізеді.

Бұл осымен жаңа маусым алдындағы төртінші оқу-жаттығу жиыны. Бұған дейін ұлттық құрама 9-26 қазан, 7-24 қараша аралығында Түркияның Белек қаласында және 7-23 Өскеменде дайындалған еді.

Қаңтардағы оқу-жаттығу жиынының мақсаты – жабық кешендегі Азия чемпионатына дайындық жүргізу. Құрлық біріншілігі 1-3 ақпан аралығында Иран астанасы Тегеран қаласында өтеді. Ал қаңтарда елімізде үш жарыс өтеді. Алдымен Қазақстан кубогы (10-11 қаңтар) одан кейін Қазақстан чемпионаты (15-17 қаңтар) бар. Соңғысы – Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир (20 қаңтар). Үш жарыс та Өскемен қаласында өтеді.

Тізімге қайта оралу