Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Универсиада-2017: Жеңіл атлеттер жарыс жолына шықты

23.08.2017

Бек Төлеуов  
103
Универсиада-2017: Жеңіл атлеттер жарыс жолына шықты

Қытайлық Тайбэйде өтіп жатқан студенттер арасындағы жазғы Универсиада ойындарында бүгін жарыс жолына жеңіл атлттер шықты.

Ерлер арасында ядро серпуден қатысқан Иван Иванов финалдық кезеңге өте алмады.Азия чемпионатының қола жүлдегері іріктеу кезеңін 11-орынмен аяқтады.

Ал 400 метрге жүгіруден үш спортшы қатысты. Ерлер арасында Михаил Литвин мен Андрей Соколов жүгірді. Литвин 46,92 секундпен өз тобында екінші келді. Бұл оның осы маусымдағы ең үздік көрсеткіші.

Ал Андрей Соколов үшінші топта жүгіріп, мәреге 48,19 секундта жетті. Алайда келесі кезеңге шыға алмады.

Ерлер арасындағы 400 метрдің жартылай финалы 24 тамызда Астана уақытымен 17:45-те басталады.

Әйелдерден Элина Михина жартылай финалға сенімді түрде өтті. Шығыс қазақстандық атлет өз тобында екінші болды (54,43 с). Жартылай финал 24 тамызда Астана уақытымен 16:35-те басталады.

Универсиада-2017. Тайбэй

Ядро серпу, іріктеу бәсексі. Ерлер.

1.     Андрей Гаг (Румыния) – 20,45 м

2.     Якуб Шишковский (Польша) – 19,98 м

3.     Конрад Буковицкий (Польша) – 19,95 м

4.     Франсишку Бело (Португалия) – 19,75 м

5.     Дурадо Венансио (Бразилия) – 19,51 м

6.     Алексей Ничипарь (Беларусь) – 19,41 м

7.     Томас Дурович (Черногория) – 19,20 м

8.     Сарунас Баневичюс (Литва) – 19,00 м

9.     Джулиан Ван Руен (ОАР) – 18,90 м

10. Осман Джан Оздевичи (Турция) – 18,40 м

11. Джастин Кой Блэр (АҚШ) – 18,17 м

12. Кэмерон Бэйли Корнелиус (АҚШ) – 17, 67 м

13. Итамар Леви (Израиль) – 17,36 м

14. Иван Иванов (Қазақстан) – 17,22 м...

15.  

400 метрге жүгіру, іріктеу. Ерлер.

Бірінші топ

1.     Рафал Омелко (Польша) – 46,77 с

2.     Михаил Литвин (Қазақстан) – 46,92 с

3.     Ян Тесарь (Чехия) – 47,22 с

4.     Бьенвеню Савадого (Бурунди) – 47,69 с

5.     Рокас Пацевичюс (Литва) – 48,27 с

6.     Тань Цун Ян (Сингапур) – 49,25 с

Үшінші топ:

1.     Даррен Альфред (Тринидад и Тобаго) – 47,18 с

2.     Даниэле Ангелела (Швейцария) – 47,34 с

3.     Такамаса Китагава (Жапония) – 47,85 с

4.     Андрей Соколов (Қазақстан) – 48,19 с

5.     Даниэл Бинги (Уганда) – 48,57 с

6.     Обри Чабала (Замбия) – 49,80 м

400 метрге жүгіру, іріктеу. Әйелдер.

   Төртінші топ

1.     Ига Баумгарт (Польша) – 54,35 с

2.     Элина Михина (Қазақстан) – 54,43 с

3.     Миша Пауэлл (Канада) – 54,55 с

4.     Твинкл Чаудхари (Үндістан) – 58,90 с

5.     Джингки Обанон (Филиппин) – 1:04,43 м

Тізімге қайта оралу