Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Универсиада-2017: Қазақстан құрамасы Тайбэйге ұшып кетті

21.08.2017

Бек Төлеуов  
133
Универсиада-2017: Қазақстан құрамасы Тайбэйге ұшып кетті Тайбэйдегі Универсиада ойындарының ашылу салтанатынан

Тайбэйдегі бүкіләлемдік жазғы Универсиадаға қатысатын қазақстандық жеңілатлеттер Алматыдан 20 тамыз күні сағат 23.10-да жолға аттанды.

Жеңілатлеттер мен олардың бапкерлері Универсиадаға Сеул арқылы ұшты. Ал Тайбэйдің өзінде команда бүгін жетеді. Тағы үш қазақстандық жеңілатлет 15 тамыздан бастап сонда дайындалып жатыр. Олар – спринтер Виктория Зябкина, сонымен қатар Георгий Шейко мен Полина Репина.  

Жеңіл атлетикадан жарыстар 23 тамызда басталып, 28 тамызда аяқталады. Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасында 25 спортшы бар (13 ер және 12 әйел). Олардың басым бөлігі, яғни 16-сы 6-9 шілде аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионатына қатысқандар.

Айта кетерлігі, Тайбэйде сары құрлық біріншілігінде жүлде алған жеті спортшының алтысы өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, Бхубанешварда Виктория Зябкина 100 және 200 метрге жүгіруде алтын медаль алған. Ольга Сафронова 100 метрлік қашықтықта – күміс, 200 метрлік көрсеткіште қола жүлде алған. Бұдан бөлек, Зябкина мен Сафронова эстафеталық сында Рима Кашафутдина және Светлана Голендовамен бірігіп алтын медаль иеленген. Үш қарғып секіруде Мария Овчинникова топ жарса, Иван Иванов ядро лақтыруда күміс жүлдегер атанды. Азия чемпионатының жүлдегерлерінен құрамамызда үш қарғып секіруден күміс жүлдегер Ирина Эктова ғана Универсиадаға бармайды. Себебі студенттер ойындарына қатысушылардың жасы 28-ден аспауы қажет.

Бапкерлер Бхубанешварде өнер көрсетпегендердің арасында сырықпен секіруші Сергей Григорьевке үміт артып отыр. Ол бұл маусымда жеке рекордын жаңартқан – 5.65 метр, одан қалды Кванджудегі Универсиада-2015-тің жеңімпазы Никита Филиппов те қоржынға жүлде салады деп болжанып отыр. Кванджуде жеңімпаз тұғырына көтерілген тағы екі спортшы бар. Виктория Зябкина Универсиада-2015-те 100 және 200 метрге жүгіруде және эстафеталық сында алтын алса, сол жолы жеңіске жеткен эстафеталық құрамда Светлана Голендова да болған еді. Светлана Тайбэйдегі Универсиадада да ел намысын қорғайды.   

 

Тізімге қайта оралу