Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймыз!

01.09.2017

158
Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймыз!

Бүгін мұсылмандардың ең ұлық мерекесі - Құрбан айт басталды. ҚР жеңіл атлетика федерациясы әлемдегі барлық мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтайды.

Үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы Жаратушы Иеміз – Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міскін жандарға қамқорлық көрсетеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің құттықтауында: «Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы.Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.Біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді.Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді», – деп атап өтті.

Тізімге қайта оралу