Үш қарғып секіруден Эктовтарға тең келер ешкім болмады Суретте Евгений Эктов. Фото Константин Князевич

Үш қарғып секіруден Эктовтарға тең келер ешкім болмады

Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында үш қарғып секіруден ерлер арасында Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Евгений Эктов, әйелдерден оның жұбайы Ирина Эктова жеңіске жетті.

Айтпақшы, Ирина әйелдерден 13 метрге секірген жалғыз атлет болды. Евгений де дәл солай. Ерлерден одан басқа ешкім 16 метрді бағындыра алмады.

Арулар арасындағы сайыста Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова болған жоқ. Ол Азия ойындарына жеке бағдарлама бойынша дайындалып жатыр. Ал өзге мықтылардың барлығы Алматыда бас қосты. Эктова алғашқы мүмкіндігінде-ақ 13.81 метрге секірді. Дәл осы көрсеткіші оның чемпион атануына жеткілікті болды. Ол сондай-ақ екі рет 13.79 және 13.62 метрді бағындырды. Өзге қатысушылардың бірде-біреуіне Иринаға жақындай алмады.

2017 жылғы Азия чемпионы Мария Овчинникова биыл өзінің бабына келе алмай жүр. Мария Қазақстан чемпионатын 12.98 метрмен аяқтап, күміс жүлдеге ие болды. Үштікте 18 жастағы алматылық Лаура Ахметова бар (12.57 м).

 24 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. Үш қарғып секіру.

Әйелдер:

1.Ирина Эктова (СҚО) – 13.81 м

2.Мария Овчинникова (Қарағанды обл.) – 12.98 м

3.Лаура Ахметова (Алматы) – 12.57 м.

Ерлер арасындағы бағдарламада ардагер спортшылар өзара сайысқа түсті. Төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан, жазғы Азия ойындарының чемпионы керекулік Роман Валиев пен 2011 жылғы Азия чемпионы Евгений Эктова бірінші орынды өзара бөліседі деп күтілген.

Евгений 16.14 метрмен бірінші орын алды. Бірақ күміс медаль Валиевке емес, Ақмола облысынан келген Тахиржан Қадырқұловқа бұйырды (15.75 м).Валиев үшінші орынды қанағат тұтты.

 24 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. Үш қарғып секіру.

Ерлер:

1.Евгений Эктов (СҚО) – 16.14 м

2.Тахиржан Кадыркулов (Ақмола обл.) – 15.75 м

3.Роман Валиев (Павлодар обл.) – 15.41 м

Тізімге қайта оралу